Ведомство басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің басты тақырыбы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы болды. Қорғаныс министрі биылғы жолдауда еліміздің стратегиялық міндеттерін ескере отырып, ағымдағы жылға арналған жоспардың айқындалғанын атап өтті.