Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты еліміздің Батыс өңірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды. Оқу-жаттығу барысында нақты жауынгерлік жағдайларға барынша жақын, кешенді тәуекелдер мен гибридті сипаттағы қауіп-қатерлерге, сондай-ақ шартты қарсыластың әрекеттеріне ден қою қажеттілігін ескеретін жағдайлар қарастырылды.