Қорғаныс министрлігінде өткен апта сайынғы аппараттық кеңес барысында халықаралық ынтымақтастық пен қазақстандық команданың «Танк биатлоны» сайысына қатысуы, сондай-ақ әскерлердің күнделікті тіршілік әрекеті сынды мәселелері қаралды. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер, ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүшелері әскери ведомстволары басшыларының, бірлескен отырысының қорытындысын баяндады.
# Қазақстан
Ведомство басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің басты тақырыбы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы болды. Қорғаныс министрі биылғы жолдауда еліміздің стратегиялық міндеттерін ескере отырып, ағымдағы жылға арналған жоспардың айқындалғанын атап өтті.