Қарулы Күштерге 6700-ден астам қазақстандық шақырылады Елімізде мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 17 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарлануда. Оның ішінде 6700 жас сарбаз Қарулы Күштерге, қалғандары Шекара қызметі мен Ұлттық ұланға қызмет етуге аттанбақ. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әскерге шақырылушыларды іріктеу мен бөлу барысында денсаулық жағдайы, олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі. Физикалық дайындығы жоғары, моральдық және психологиялық тұрғыдан төзімді жастар Теңіз жаяу әскерлерінің, Десанттық-шабуылдаушы әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелеріне бара алады. 2020 жылғы көктемгі әскерге шақыруды талдау деректері бойынша әскерге шақырылушылардың 50% орта білімі, жас буындардың 47% техникалық және кәсіптік, 3% жоғары білімі бар. Бұл ретте қазіргі әскерге шақырылушылардың арасында Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің түлектері де аз емес. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын күшейту мақсатында жинақтау пункттерінде медициналық бекеттер орналастырылған. Сонымен қатар, облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілді. Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту алдында міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Бөлімге келгеннен кейін жас толықтырушылар екі апталық карантинге орналастырылады, сондай-ақ медициналық тексеру жүргізіліп әскерге шақырылушының әлеуметтік-психологиялық мәртебесі белгіленеді. Қазақстанда күзгі шақыру 1 қыркүйекте басталды. Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның соңында, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке аттанған кезде аяқталады. Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері атап өткендей, соңғы жылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтыруға ниет білдірушілер санының өсімі байқалады. Көптеген жастар қызметті пайдалы және қажет деп санайды. Әскерде жарты жыл қызмет еткен, техникалық, кәсіптік немесе жоғары білімі бар жастар жақсы нәтиже көрсетіп, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады. .......................................... Более 6700 казахстанцев призовут в Вооруженные Силы В Казахстане продолжается призыв на срочную воинскую службу. В рамках осенней призывной кампании в армию планируется призвать более 17 тысяч человек. Из них 6700 призывников отправятся служить в Вооруженные Силы, остальные – в Национальную гвардию и Пограничную службу. Проведение призыва граждан на срочную воинскую службу возложено на местные исполнительные органы, которыми сформированы призывные и медицинские комиссии. В ходе отбора и распределения учитываются состояние здоровья призывников, специальности, полученные ими до призыва. Наиболее подготовленные в физическом отношении, морально и психологически стойкие молодые люди смогут попасть в подразделения морской пехоты, Десантно-штурмовых войск и Военно-морских сил. По данным анализа весеннего призыва 2020 года, 50% призывников имеют среднее образование, 47% молодого пополнения – техническое и профессиональное, 3% – высшее образование. При этом среди нынешних призывников есть немало выпускников Военно-технической школы Министерства обороны. В целях предупреждения распространения коронавирусной инфекции и усиления профилактических мер в сборных пунктах размещены медицинские посты. В состав областных медицинских комиссий включены врачи-инфекционисты. Перед отправкой призывников в воинские части в обязательном порядке проводится лабораторное исследование на COVID-19 методом ПЦР. По прибытию в части молодое пополнение помещается на двухнедельный карантин, во время которого проводится медицинское обследование и устанавливается социально-психологический статус новобранца. Осенний призыв начался в Казахстане 1 сентября и закончится в конце декабря текущего года, когда последние команды призывников отправятся на службу в части. Как отмечают члены призывных комиссий, в последние годы наблюдается рост количества желающих пополнить ряды Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований. Большинство молодых людей считают службу полезной и необходимой, настроены честно и достойно отслужить положенные 12 месяцев. К слову, молодые люди, отслужившие полгода в армии, имеющие техническое, профессиональное или высшее образование, показав хорошие результаты, смогут поступить на воинскую службу по контракту. #армияказахстана #қазақстанәскері #призыв #присяга #армия #әскер

Теги других блогов: COVID-19 қазақстан әскери қызмет