Қазақстандық жауынгерлердің рухы туған жерінде жай табатын болады ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді. Қазақстандық сарбаздардың сүйектері өткен жылы «Еске алу вахтасы» акциясы аясында табылған. Қаза болғандардың медальондарында сақталған мәліметтері негізінде олардың аты-жөндері мен шақыру орны анықталды. Азықан Нұғыманов Тверь облысында, Жағыпар Қайларов Ленинградта майдандағы ұрысқа аттанған. Олар Ақмола облысы Біржан Сал ауданы Степняк қаласы мен Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында жерленді. Қазақстанда қаза тапқан жауынгер Азықан Нұғымановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан Сал ауданының әкімдігі айналысады, оны аудандық әскери комиссариат майданға шақырған (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы). Жетіген кентінде Жағыпар Қайларовты туыстары қатты толқыныспен күтуде. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады. Қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін табыстау және жерлеу бойынша дайындық жұмыстары ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппаратының және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жәрдемімен өтті. «Искра» здестіру жасағы майдан даласында қаза тапқандарды іздестіруде баға жетпес көмек көрсетті. .................................................................. Казахстанские воины обретут покой на родной земле Самолет Военно-воздушных сил ВС РК с останками Жагипара Кайларова и Азыкана Нугуманова, погибших в годы Великой Отечественной войны, приземлился в Нур-Султане. Останки казахстанских солдат были обнаружены в прошлом году в ходе акции «Вахта памяти». По данным, сохранившимся на медальонах погибших, удалось установить их фамилии и место призыва. Азыкан Нугуманов пал в бою в Тверской области, Жагипар Кайларов – в Ленинградской. Их предадут земле в городе Степняк района Биржан Сал Акмолинской области и поселке Жетыген Илийского района Алматинской области. Найти родственников павшего воина Азыкана Нугуманова в Казахстане пока не удалось. Его захоронением занимается акимат района Биржан Сал, откуда он был призван райвоенкоматом на фронт (ранее Енбекшильдерский район). В поселке Жетыген Жагипара Кайларова с большим волнением ожидают родственники. В церемонии захоронения примут участие представители Министерства обороны, местных исполнительных органов, ветераны и односельчане. Подготовительная работа по передаче и захоронению останков воинов-казахстанцев прошла при содействии Аппарата военного атташе Министерства обороны РК и Посольства Республики Казахстан в Российской Федерации. Неоценимую помощь в поиске павших на полях сражений оказал поисковый отряд «Искра». #қазақстанәскері #армияказахстана #ҰОС #ВОВ #герои #ввс

Теги других блогов: история военные Казахстан