ТМД Әуе қорғанысы күштерінің біріккен жүйесі – жауынгерлік әзірлікте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесінің басқару органдары мен кезекші күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталды. Жаттығу шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын тараптардың бұзушы әуе кемелері бойынша кезекші күштерді қолдану, достастық мемлекеттерінің әуе кеңістігін пайдалану мәселелері пысықталды. Практикалық іс-шаралар кезекші күштердің шартты әуе қарсыласының бақылау мақсаттарын анықтауынан басталды. Қарсылас рөлін Ресей әскери-ғарыш күштерінің алыс авиациясының стратегиялық ұшағы атқарды. Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің радиотехникалық және зениттік зымыран бөлімшелері бақылау мақсаттарын дер кезінде анықтады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің күшімен шартты қарсылас жойылды. Сонымен қатар Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің әскери аэродромдарынан МиГ-31, Су-30СМ, МиГ-29 және Су-25 ұшақтары әуеге көтерілді. Авиация берілген бақылау мақсаттарын шартты түрде жойды. Мұндай жаттығулар ТМД ӘҚК біріктірілген жүйесінде тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру бойынша бекітілген бірлескен жоспарларға сәйкес тұрақты негізде өткізіледі. Қазақстанның Әскери-әуе күштерінен 20-ға жуық ұшу аппараттары қатысты. Олардың ішінде жойғыш және шабуылдау авиациясының ұшақтары, армиялық авиацияның тікұшақтары, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары бар. Практикалық іс-қимылдарды жауынгерлік басқару орталығынан ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов басқарды. Бірлескен жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық көлемде қол жеткізілді. Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің кезекші күштері мен құралдары іс жүзінде елдің әуе шептерін күзету бойынша өзінің тиімділігін кезекті мәрте дәлелдеді. ........................................................................... Объединенная система ПВО СНГ – в боевой готовности Завершилась проверка боевой готовности органов управления и дежурных сил Объединенной системы противовоздушной обороны государств-участников Содружества Независимых Государств. В рамках тренировки были отработаны вопросы применения взаимодействующими сторонами дежурных сил по воздушным судам-нарушителям, использованию воздушного пространства государств Содружества. Практические действия начались с обнаружения дежурными силами контрольных целей условного воздушного противника. Роль противника выполнял стратегический самолет дальней авиации Военно-космических сил России. Радиотехническими и зенитными ракетными подразделениями Сил воздушной обороны Казахстана были своевременно обнаружены контрольные цели. Силами подразделений противовоздушной обороны условный противник был уничтожен. В то же время с военных аэродромов Армении, Беларуси, Казахстана, Кыргызстана и России в воздух были подняты самолеты МиГ-31, Су-30СМ, МиГ-29 и Су-25. Авиация условно уничтожила заданные контрольные цели. Подобные тренировки проводятся на постоянной основе в соответствии с утвержденными совместными планами по организации круглосуточного дежурства в Объединенной системе ПВО СНГ. От Военно-воздушных сил Казахстана участие приняли около 20 летательных аппаратов, среди которых самолеты истребительной и штурмовой авиации, вертолеты армейской авиации, а также беспилотные летательные аппараты. Руководство практическими действиями осуществлялось из Центра боевого управления Силами воздушной обороны ВС РК главнокомандующим генерал-лейтенантом авиации Нурланом Орманбетовым. Цели и задачи совместной тренировки были достигнуты в полном объеме. Дежурные силы и средства Войск противовоздушной обороны и Военно-воздушных сил Казахстана на деле в очередной раз доказали свою эффективность по охране воздушных рубежей страны. #қазақстанәскері #армияказахстана #пво #снг #боеваяготовность #сво #ввс