Ақтау гарнизонының инфрақұрылымы жақсаруда Маңғыстау облысында сүңгуірлер даярлайтын оқу-жаттығу орталығы мен әскери госпиталь салу жоспарлануда. Сонымен қатар, әскери әуеайлақты қайта жөндеу жұмыстары да қарқын алмақ. Қорғаныс ведомствосының басшысына өңірде Әскери-теңіз күштерінің сүңгуір оқу-жаттығу орталығын салу жобасы туралы баяндалды. Аталмыш орталықты құру жеңіл сүңгуір жауынгер жүзушілер, парашюттік-десанттық даярлық, су асты инженерлік жұмыстары мен шағын көлемді кемелерді жүргізу жөніндегі мамандарды жыл бойы оқыту курстарынан өткізуге мүмкіндік береді. Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында әскери госпиталь тұрғызу жоспарлануда. Жөндеу және құрылыс инфрақұрылым, әсіресе бірінші кезекте оқ-дәрілерді сақтауға мәселелері ерекше назарға алынды. 2003 жылы пайдалануға берілген Ақтау қаласы әуеайлағының әскери секторы инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. «Әуеайлақты дамытудың перспективалық жоспарының мақсаты – әуе базасының тұрақты жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету, әуеайлақтың сыйымдылығы мен оқу-жауынгерлік жұмысының сапасын арттыру, ұшу қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету», – деді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Қорғаныс министріне жасаған баяндамасында. Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы оқ-дәрілер мен атыс қаруын сақтау бөліміне барып, оның жүктемесімен, сонымен қатар, басшылыққа алынған құжаттарға сәйкес өрт кезінде жарылу қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жағдайларымен танысты. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Ақтау гарнизоны бөлімдерінің командирлерін тыңдап, командалық пункт пен ӘШҚҚ автоматтандырылған басқару жүйесінің жауынгерлік жұмысын көрді. Қорғаныс ведомствосының басшысы модульді казарманы, қазіргі уақытта әскерге шақыру бойынша медициналық комиссия жұмыс жасап жатқан Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинақтау пунктін қарады. ................................................................... Улучшается инфраструктура Актауского гарнизона В Мангистауской области планируется построить учебно-водолазный центр, военный госпиталь и проведут реконструкцию военного аэродрома. В регионе главе оборонного ведомства доложили о проекте строительства учебно-водолазного центра Военно-морских сил. Его создание позволит проводить круглогодичные курсы обучения боевых пловцов, специалистов по легководолазной, парашютно-десантной подготовке, подводным инженерным работам и вождению маломерных судов. С целью обеспечения необходимой медицинской помощью военнослужащих, членов их семей, а также местных жителей в Актауском гарнизоне планируется строительство военного госпиталя. Уделено особое внимание вопросам ремонта и строительства инфраструктуры, в первую очередь хранения боеприпасов. Введенный в эксплуатацию в 2003 году военный сектор аэродрома города Актау требует развития инфраструктуры. «Цели перспективного плана развития аэродрома – обеспечение постоянной боевой готовности авиационной базы, увеличение емкости аэродрома, повышение качества учебно-боевой работы, обеспечение требований безопасности полетов», – доложил министру обороны главнокомандующий СВО ВС РК генерал-лейтенант авиации Нурлан Орманбетов. В ходе рабочей поездки Министр посетил отдел хранения боеприпасов и стрелкового оружия, ознакомился с его загруженностью, условиями хранения и требованиями пожаровзрывобезопасности, согласно руководящих документов. Министр обороны генерал-лейтенант Нурлан Ермекбаев заслушал командиров частей Актауского гарнизона, ознакомился с боевой работой командного пункта и автоматизированной системы управления ПВО. Глава оборонного ведомства осмотрел казарму модульного типа, областной сборный пункт Департамента по делам обороны Мангыстауской области, где на данный момент работает призывная медицинская комиссия.

Теги других блогов: гарнизон Ақтау инфрақұрылым