Қарулы Күштерде қысқы мерзімге дайындық жүріп жатыр
Қорғаныс министрлігінде өткен апта сайынғы аппараттық кеңес барысында халықаралық ынтымақтастық пен қазақстандық команданың «Танк биатлоны» сайысына қатысуы, сондай-ақ әскерлердің күнделікті тіршілік әрекеті сынды мәселелері қаралды.
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер, ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүшелері әскери ведомстволары басшыларының, бірлескен отырысының қорытындысын баяндады. Отырыс барысында әріптес елдердің өзара іс-қимылы, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және өңірлік тұрақтылықты қолдау мәселелері талқыланды.
Пандемиямен күреске ерекше көңіл бөлінді. Атап өтілгендей, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі, өңірлік ұйымдардан бірлесіп әрекет ету үшін келісілген іс-қимылдар мен тиісті үйлестіруді талап етеді.
Қорғаныс министрлерінің кездесуі халықаралық ұйымдардың жан-жақты ынтымақтастығы мен сындарлы өзара іс-қимылына бағытталған бірқатар маңызды шешімдерге қол қоюмен аяқталды. Атап айтқанда, қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған бірлескен коммюнике мен отырысқа қатысушылардың мәлімдемесіне қол қойды. Сондай-ақ, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ Министрлер Кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.
Армия халықаралық ойындарының қорытындылары да талқыланды. Қазақстан алғаш рет бір «Танк биатлоны» сайысына ғана қатысты. Біріншілік үшін әлемнің 32 елінен үздік әскери мамандар бақ сынасты. Танк биатлоны жарысында біздің танкішілер 16 елдің, соның ішінде Ресей, Беларусь және Қытайдың үздік танк экипаждарымен қатар өнер көрсетті.
«Танк биатлонының» нәтижелерін талдай отырып, министр алдағы уақытта команданы дайындаудағы қазіргі тәжірибені ескеруді, жауынгерлік машиналардың жетілдірілген үлгілерімен техникалық жабдықтау мәселесін пысықтауды және жаттықтырушылар құрамын күшейтуді тапсырды.
Кеңестің келесі тақырыптық бөлігіне ауыса отырып, әскери ведомство басшысы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мәтінінде Қарулы Күштердегі цифрландырудың рөлін атап өтті.
«Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Президент цифрландыруды барлық реформалардың негізгі элементі деп атады. Цифрландыру –сән үрдістерін ұстану емес, бұл ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы», - деп атап өтті министр. Бүгінде Қарулы Күштерде аталмыш бағытты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Әскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері белсенді түрде енгізілуде, қағаз құжат айналымы қысқартылып, онлайн, оның ішінде мобильді қосымшаның көмегімен көрсетілетін қызметтер санының ауқымы кеңеюде.
Кеңес барысында қорғаныс ведомствосының басшысына Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу және түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру тобын құру туралы баяндалды. Оның міндеті – әрбір әскери қызметшіге болашаққа бағдар беретін бағдарламалық құжаттың мәнін жеткізу.
Министрге әскерлердің жағдайы мен өткен аптада өткізілген іс-шаралар туралы баяндалды. Әскерлердің күнделікті жұмысы, бекітілген даярлық жоспарларына сәйкес ұйымдастырылған. Бұл ретте карантиндік шектеулер де қатаң сақталады. Жалпы, Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекциямен ауырған әскери қызметшілер тіркелген жоқ. Әскери дәрігерлер жеке құрам денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың қажетті кешенін қамтамасыз етеді.
Қарулы Күштерді қысқы кезеңге дайындау бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Қорғаныс ведомствосының басшысы барлық іс-шараларды ұйымдастыру және уақтылы аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Атап айтқанда, барлық коммуналдық нысандардың жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету. Ол үшін казармалық-тұрғын үй қорының, әкімшілік ғимараттардың жылыту жабдықтарына тексеру жүргізу қажет. Жеке құрамды заттай мүлікпен уақтылы қамтамасыз ету де маңызды. Бұл мәселені шешуді министр барлық дәрежедегі командирлерге тапсырды.
«Сонымен қатар, қысқы кезеңге қару–жарақ пен әскери техниканы дайындау қажет», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Қысқа дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу кезінде министр, барлық лауазымды тұлғаларға жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтауына ерекше назар аударуды тапсырды.
.......................................................................
В Вооруженных Силах идет подготовка к зиме
На состоявшемся в Министерстве обороны еженедельном аппаратном совещании были рассмотрены вопросы международного сотрудничества, участия казахстанской команды в «Танковом биатлоне», а также повседневной жизнедеятельности войск.
Министр обороны генерал-лейтенант Нурлан Ермекбаев озвучил итоги совместного заседания глав военных ведомств государств-участников СНГ, членов ШОС и ОДКБ. В ходе заседания были обсуждены вопросы взаимодействия стран-партнеров, укрепления международной безопасности и поддержания региональной стабильности.
Особое внимание было уделено борьбе с пандемией. Как отмечено, угроза распространения коронавирусной инфекции требует от региональных организаций согласованных действий и соответствующей координации для совместного реагирования.
Встреча министров обороны завершилась подписанием ряда важных решений, направленных на всестороннее сотрудничество и конструктивное взаимодействие международных организаций. В частности, главы оборонных ведомств подписали Совместное коммюнике и Заявление участников заседания по случаю 75-летия Победы в Великой Отечественной войне и Второй мировой войне. Также были утверждены планы работы Совета министров СНГ, ОДКБ и ШОС на 2021 год.
Обсуждение коснулось и итогов Армейских международных игр. Впервые Казахстан принимал участие только в одном конкурсе – «Танковом биатлоне». За первенство соревновались лучшие военные специалисты из 32 стран мира. В состязании танкового биатлона наши танкисты выступали бок о бок с лучшими танковыми экипажами 16 стран, в том числе России, Беларусии и Китая.
Анализируя результаты «Танкового биатлона», министр дал указание учесть нынешний опыт в дальнейшей подготовке команды, проработать вопрос технического оснащения усовершенствованными образцами боевых машин и усилить тренерский состав.
Переходя к следующей тематической части совещания, глава военного ведомства отметил роль цифровизации в Вооруженных Силах в контексте Послания Президента народу Казахстана.
«В ежегодном Послании народу Казахстана Президент назвал цифровизацию базовым элементом всех реформ. Цифровизация – это не следование модной тенденции, а ключевой инструмент достижения национальной конкурентоспособности», - отметил министр. В Вооруженных Силах развитию этого направления сегодня уделяется пристальное внимание. Активно внедряются автоматизированные системы управления войсками, сокращается бумажный документооборот, расширяется количество услуг, оказываемых онлайн, в том числе с помощью мобильного приложения.
В ходе совещания главе оборонного ведомства доложили о создании информационно-разъяснительной группы для доведения и разъяснения Послания Президента народу Казахстана. Ее задача – донести до каждого военнослужащего значение программного документа, который дает ориентиры на ближайшую перспективу.
Министру доложили о состоянии дел в войсках и проведенных за минувшую неделю мероприятиях. Повседневная жизнедеятельность войск организована в соответствии с утвержденными планами подготовки. При этом строго соблюдаются карантинные ограничения. В целом санитарно-эпидемиологическая обстановка в Вооруженных Силах остается стабильной. Военнослужащих, заболевших коронавирусной инфекцией, не зарегистрировано. Военные медики обеспечивают необходимый комплекс профилактических и противоэпидемических мероприятий в целях безопасности здоровья личного состава.
Масштабная работа предстоит по подготовке Вооруженных Сил к зимнему периоду. Соответствующие поручения по организации и своевременному завершению всех мероприятий глава оборонного ведомства дал ответственным должностным лицам. В частности, обеспечить готовность всех коммунальных объектов к отопительному сезону. Для чего необходимо провести ревизию отопительного оборудования казарменно-жилищного фонда, административных зданий. Не менее важно своевременное обеспечение личного состава вещевым имуществом. Решение этого вопроса министр поручил командирам всех степеней.
«Кроме этого, к зимнему периоду эксплуатации необходимо подготовить вооружение и военную технику», – сказал глава оборонного ведомства.
Всем должностным лицам при организации и проведении работ по подготовке к зиме министр поручил особое внимание обратить на соблюдение личным составом мер безопасности.