Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына экспозиция ашылды Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына арналған бірегей экспозицияның салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда мұрағаттық және статистикалық фотоматериалдар, соғыс ардагерлерінің жеке заттары мен қару-жарақтары қойылған. Барлық экспозициялық материалдар ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайы қызметкерлерімен жиналды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония Потсдам декларациясының барлық шарттарын қабылдап, өзінің толық жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Жапонияны жеңу Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен белгіленді. Өкінішке орай, Кеңес-Жапон соғысына қатысқан барлық қазақстандықтардың есімдері әлі белгілі емес. Алайда, Әскери-тарихи мұражай қызметкерлері оқиғалардың хронометражын іздеу және қалпына келтіру бойынша жоспарлы жұмысты тұрақты негізде жүргізуде. «Соғысқа қатысқан он мыңнан астам қазақстандық жауынгердің 200-ден астамы түрлі ордендермен және медальдармен марапатталды, – деді ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайының бастығы подполковник Нұртаза Әсілов. – Сондай-ақ, біз Қазақстанның бейбіт өмір кешіп жатқанына зор үлес қосқан қазақстандық батырларды еске алып, құрметтеуіміз керек». Санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып өткізілген ашылу салтанатына Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің туыстары мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты. «Бүгінгі шара болашақ ұрпақ үшін үлкен патриоттық мәнге ие болып табылады. Әскери-тарихи мұражайының басшылығына ризашылығымды білдіремін. Бейбіт өмір сүріп жатқанымызға зор үлес қосқан қазақстандық батырларымызды еске алып, құрметтеуіміз керек», - деді ардагердің ұлы полковник Қазез Тілеубаев. ............................................................................... Экспозиция окончания Второй мировой войны открылась в столице В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных Сил Республики Казахстан в г. Нур-Султане состоялось торжественное открытие уникальной в стране экспозиции, посвященной 75-летию окончания Второй мировой войны. В экспозиции представлены архивные и статистические фотоматериалы, личные вещи, оружие ветеранов. Все экспозиционные материалы были собраны при участии сотрудников Военно-исторического музея Вооруженных Сил РК. 2 сентября 1945 года Япония подписала акт о безоговорочной капитуляции, приняв все условия Потсдамской декларации. Победа над Японией ознаменована окончанием Второй мировой войны. К сожалению, известны еще не все имена казахстанцев, участвовавших в Советско-японской войне. Однако планомерная работа по поиску и восстановлению хронометража событийна постоянной основе ведется сотрудниками Военно-исторического музея. «Из десятка тысяч наших соотечественников, которые участвовали в войне, более 200 воинов-казахстанцев награждены различными орденами и медалями, – сказал начальник Военно-исторического музея ВС РК подполковник Нуртаза Асилов. – Также мы должны помнить и чтить память героев-казахстанцев, внесших огромный вклад в достижение победы и мирной жизни в современном Казахстане». На открытие, проведенное с соблюдением санитарно-противоэпидемических требований, пришли ветераны Вооруженных Сил Казахстана, родственники участников Второй мировой войны, представители Министерства обороны. «Для будущих поколений сегодняшнее мероприятие имеет огромное патриотическое значение. И я очень благодарен за это непосредственно руководству и сотрудникам Военно-исторического музея. Мы должны помнить и чтить память наших героев - казахстанцев, внесших огромный вклад в нашу мирную жизнь», – отметил сын ветерана полковник Қазез Тілеубаев.